Мемлекет басшысының өкімімен Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды
Бұл туралы 2024 жылғы 11 қарашада Ақорда мәлімдеді. «Мемлекет басшысының өкімімен Санжар Аскенұлы Әділов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды»,- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Мемлекет басшысының Польша Президенті Анджей Дудаға құттықтау жеделхатын жолдағаны хабарланған болатын.

