Жүргізуші ұландықтар 150 шақырымға шеру жасады

Просмотров: 13

Ұлттық Ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығында жүргізуші ұландықтар 150 шақырымдық шеру өткізді. Аталған іс-шара Степногорск, Қарағанды, Петропавл, Қостанай қалаларында ұйымдастырылып, жас жүргізушілердің біліктіліктерін шыңдауға өз септігін тигізді.

Ұлттық ұланның жас жүргізушілері іс жүзінде өз білімдерін бекітті, сондай-ақ әскери техниканы басқару қабілетін көрсетті және жауынгерлік машинамен түрлі кедергілерді еңсерудің барлық мүмкіндіктерін зерттеді.
Осы сабақтар барысында әскерге шақырылушыларға қиын жағдайда көлік жүргізу дағдыларын көрсету қажет болды. Ұландықтар белгіленген маршруттан адаспай, кедергілерден сүрінбей өтті. Мұндай шеру Ұлттық ұланда жыл сайын өткізіледі, бұл жаттығулар жас жүргізушілерге көптеген тәжірибе мен өздерін көрсетуге мүмкіндік береді.

ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған