Жаңа Конституция – бірлік пен жаңғырудың берік негізі

Просмотров: 10

15 наурыз – ел өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі болмақ. Дәл осы күні біз жаңа Конституция жобасына қатысты тарихи таңдау жасаймыз. Бұл – мемлекетіміздің алдағы даму бағытын айқындайтын жауапты сәт.

Қазіргі таңда әлем қарқынды өзгеріс үстінде. Қоғамдық қатынастар жаңарып, жаңа технологиялар өмір салтымызға дендеп енуде. Осындай жағдайда мемлекет те, оның құқықтық негізі де заман талабына сай жетілдірілуі тиіс. Конституция – елдіктің темірқазығы, мемлекет іргесінің өзегі. Сондықтан ұсынылып отырған жаңа жоба – уақыт сұранысынан туындаған қажетті реформа деп білемін.

Жаңа Конституция әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған. Онда халықтың мүддесі, ел бірлігі, азаматтардың құқықтары мен жауапкершілігі басты орынға қойылған. Мемлекет – халықпен мықты. Ал халықтың күші – оның саналы таңдауында. Референдумға қатысу арқылы біз өз болашағымызға бейжай қарамайтынымызды көрсетеміз.

Бұл елді біз өзіміз құрамыз. Әр дауыс – ел ертеңіне қосылған үлес. Сондықтан 15 наурызда белсенділік таныту – әр азаматтың борышы деп есептеймін. Мен жаңа Конституцияны қолдаймын, себебі ол Қазақстанның тұрақты дамуына, бірлігі мен өркендеуіне негіз қалайды.

Горный Юрий Николаевич,
Теміртау қаласындағы «Калинка» халықтық ансамблінің жетекшісі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ТЕМИРТАУ ОНЛАЙН | НОВОСТИ ГОРОДА (@temirtau.online)

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған