Жаңа Конституция: Жердің және табиғи ресурстардың иесі – халық
Жаңа Конституция жобасына сәйкес, жер, су, жер қойнауы және өзге де табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Мемлекет бұл байлықтарға халық атынан меншік құқығын жүзеге асырады. Сонымен қатар жерге жекеменшік құқығы сақталады. 8-баптың 3-тармағында бекітілген бұл норма ауыл халқы үшін ерекше маңызға ие. Ол жер мен табиғи ресурстардың ел игілігіне қызмет етуін қамтамасыз етіп, ауылдағы тіршілік пен шаруашылықтың тұрақты дамуына құқықтық негіз қалайды.

