ЖЕРГІЛІКТІ ОРГАНДАРДЫҢ КАДР ҚЫЗМЕТІ БАСШЫЛАРЫМЕН ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Д.Абдрахманов жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларға енгізілген өзгерістерді түсіндіруге бағытталған жиын өткізді.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдау қажеттілігі айтылып, қатысушылардың туындаған сұрақтарына жауаптар және ұсыныстар берілді.
Кездесуді қорытындылай келе, қатысушыларға мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын бұлжытпай орындауға және мемлекеттік қызметшілермен қабылданған шектеулердің сақталуын қамтамасыз етуге шақырды.
#мемлекеттікқызмет
#елгеқызмет
#мәртебеліміндет
#қарағандыоблысы
@elgeqyzmet.gov.kz
@darkhan.jazyqbay
@muximov_salauat