1 тамызда Қарағанды мен Теміртауда тегін кәсіптік курстар басталады

Просмотров: 49

Қарағанды мен Теміртауда 1 тамызда Jumys tap жобасы аясында тегін қысқа мерзімді курстар басталады. Кез келген адам жаңа мамандықты игере алады.

«Оқыту Қарағанды және Теміртау қалаларындағы жеті колледжде 48 мамандық бойынша жүргізіледі: тігінші, аспаз, кондитер, шаштараз, жартылай автоматты дәнекерлеуші, фрезерлеуші, токарь, сайт жасаушы, бейнемонтаж, графикалық дизайн, мобилография және тағы басқалар», – деп хабарлады Қарағанды облыстық еңбек ұтқырлығы орталығында.

Барлық қажетті ақпаратты консультациялық пункттерден алуға болады. Қарағандыда олар «Таир», «Умай» сауда үйлерінде, «Ёжик» супермаркетінде (бұрынғы «Кировец»), Теміртауда – орталық базарда орналасқан.

Консультациялық пункттердің жұмыс кестесі: сейсенбі /сенбі түскі ассыз 10:00-ден 19:00-ге дейін.

Сондай-ақ, байланыс орталығына хабарласуға болады: 60-50-50, Whats App: 8-775-644-35-80.

Call center жұмыс кестесі: дүйсенбі / жұма 09:00-ден 18:30-ға дейін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған