6697 әскери бөлімінде қысқы оқу кезеңі басталды

Ағымдағы жылдың 5 қаңтарында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының “Орталық” өңірлік қолбасшылығының Қостанай қаласында орналасқан 6697 әскери бөлімінде қысқы оқу кезеңі басталды. Аталған іс-шара аясында әскери бөлім офицерлерімен және келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша сабақтар өткізілді. Бірінші сабақты “Орталық” өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары полковник Қажыбаев Қуаныш Әзімханұлы өткізді


— Бүгінгі таңда құқықтық тәртіп әскерлеріне жүктелген міндеттерді шешуде жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейі бұрынғыдан да көп сұранысқа ие. Бұл міндеттерді кәсіби дайындалған әскери қызметшілерсіз орындау мүмкін емес.​ -деп атап өтті “Орталық”өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары полковник Қуаныш Әзімханұлы Қажыбаев. Сондай-ақ әскери қызметшілермен қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ әскери мүлікті дұрыс қолдану, кез келген міндеттерді орындау кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бойынша практикалық сабақтар өткізілді.

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Осы тақырыпта