Қарағанды облысының тұрғындары белсенділік танытуда

Просмотров: 16

Республикалық референдум барысында Қарағанды облысының тұрғындары жоғары белсенділік көрсетіп отыр. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметіне сәйкес, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша өңірде дауыс беруге қатысқан азаматтардың үлесі 26,64 пайызды құрады.

Бұл көрсеткіш еліміздің көптеген өңірлерімен салыстырғанда жоғары деңгейде. Таңғы сағаттардан бастап облыс тұрғындары референдум учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасап жатыр.

Айта кетейік, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жалпы саны 12 461 796 адамды құрайды. Ал сағат 10:00-дегі жағдай бойынша дауыс беруге 2 393 844 адам қатысқан. Алдын ала жалпы республика бойынша сайлаушылардың келуі 19,21 пайыз болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған