Тимуржан Ақыбаев: басты міндет – референдумның әділ өтуі
Теміртау қаласындағы №279 учаскелік референдум комиссиясында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша республикалық референдум ұйымдастырылған тәртіппен өтуде. Бұл туралы учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Тимуржан Ақыбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, комиссияның басты міндеті – дауыс беру процесінің заң талаптарына сай, ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету. Учаскеде барлық қажетті жағдай жасалған, комиссия мүшелері толық құрамда жұмыс істеуде, сондай-ақ дауыс беру барысын бақылаушылар қадағалап отыр.
«Біздің учаскеде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де барлық жағдай қарастырылған. Денсаулығына байланысты учаскеге келе алмайтын немесе қарт азаматтардың дауысын алу үшін комиссия мүшелері мен бақылаушылар олардың үйлеріне барып дауыс беруді ұйымдастырады», – деді Тимуржан Ақыбаев.
Айта кетейік, учаскелік референдум комиссиялары таңғы сағат 07:00-ден бастап жұмыс істеп, дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады. Азаматтар осы уақыт аралығында келіп, өз таңдауларын жасай алады.

