Автоматтандырылған бақылау: Қарағанды облысында шығарындылар қалай қадағаланады

Просмотров: 7

«Таза Қазақстан»  — «Әр адамға таза әрі қауіпсіз орта»: Қарағанды облысындағы ірі энергетикалық кәсіпорындарда шығарындылардың параметрлерін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін автоматтандырылған мониторинг жүйесі (АМЖ) енгізілуде. Бүгінде ЖЭО-1-де шығарындылардың химиялық құрамы мен ағын жылдамдығы сияқты көрсеткіштер тіркеледі. Барлық деректер операторлардың экрандарына түсіп, кез келген ауытқуларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

– АМЖ – атмосфераға шығарылатын ластаушы заттар туралы деректерді үздіксіз өлшеуге және беруге арналған жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етудің кешені. Жүйе шығарындыларды нақты уақыт режимінде бақылауға, нормативтердің асып кетуін тіркеуге және деректерді экологиялық бақылау органдарына жолдауға мүмкіндік береді. Жүйе автономды автоматты режимде жұмыс істейді, сондықтан бұл деректерді қолмен өзгерту мүмкін емес, – деп түсіндіреді ЖЭО-1 ЖАӨЦ, БӨАжА жөніндегі бастықтың орынбасары Асқар Мұқаш.

Бұған дейін бақылау тасымалды құралдарды пайдалану арқылы кезең-кезеңімен жүргізілсе, енді мониторинг үздіксіз сипатқа ие болды. Бұл тек ағымдағы көрсеткіштерді ғана емес, өзгерістер динамикасын да бақылауға мүмкіндік береді.

– Барлық параметрлер негізгі басқару қалқанына шығарылады. Персонал әрбір қазандық пен газ жүретін арна бойынша жағдайды көріп отырады. Ауытқулар болған жағдайда әрекет етудің пысықталған тәртібі бар – ауа немесе отын беру реттеледі. Жауап беру бірден жүзеге асырылады, – деді ЖЭО-1 директоры Александр Глотов.

Жүйе инфрақұрылымы екі контейнерді, СГК-510 үш кешенін, қазандық агрегаттарының газ жүретін арналарына орнатылған тоғыз жабдық жиынтығын, сондай-ақ деректерді өңдеу мен беруге арналған серверлік және желілік бөліктерді қамтиды.

АМЖ «Қарағанды Энергоцентр» компаниясының кәсіпорындарында – ЖЭО-1 мен ЖЭО-3-те – 2024 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Қарағанды облысы Экология департаментінің мәліметінше, АМЖ енгізу талаптары өңірдегі 12 ірі кәсіпорынға қойылған. Жалпы алғанда, жүйе 51 шығарындылар көзін және 14 төгінді көзін қамтуы тиіс.

— Қазіргі таңда деректерді ұлттық базаға беретін автоматтандырылған мониторинг өңірдің сегіз ірі компаниясындағы 15 көзде орнатылған. Бұл жұмыс жалғасуда. Жүйе экологиялық көрсеткіштерді нақты уақыт режимінде бақылауға, ауытқуларды дер кезінде анықтауға және оларды жою шараларын қабылдауға мүмкіндік береді, — деп атап өтті Департаменттің бас маманы Людмила Трушина.

Мұндай технологияларды енгізу экологиялық бақылаудың ашықтығын арттырып, қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға және өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді. Сонымен қатар бұл шаралар «Таза Қазақстан» — «Әр адамға таза әрі қауіпсіз орта» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған