2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына байланысты сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру шарттары мен төлем мөлшері туралы мәліметтерді жариялау жөніндегі ақпараттық хабарлама

Просмотров: 4

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлығына сәйкес, «Қалқаман Нұрлыхан Қалқаманұлы» жеке кәсіпкерлігі 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысу үшін партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға сайлауалды үгіт материалдарын орналастыруға арналған газет және интернет алаңдарын ұсыну тәртібі, шарттары мен төлем мөлшері туралы хабарлайды.

«Қалқаман Нұрлыхан Қалқаманұлы» жеке кәсіпкерлігі шарттық негізде Құрылтай депутаттығына кандидаттарға және сайлауға қатысуға жіберілген қоғамдық бірлестіктерге «Temirtau tynysy» («Теміртау тынысы») газетінде баспа алаңын, 247media.kz ақпараттық агенттігінің сайтында, сондай-ақ Temirtau.tynysy және 247media.kz әлеуметтік желілердегі парақшаларында интернет алаңдарын ұсынады.

«Temirtau tynysy» аудандық газетінің ішкі жолақтарындағы, түрлі түсті беттерді қоспағанда, баспа алаңының 1 шаршы сантиметрінің құны қосылған құн салығын есептемегенде 250 теңгені құрайды.

247media.kz сайтында дайын материалды орналастыру құны – 30 000 теңге.

Материалды дайындау және сайтта орналастыру құны – 50 000 теңге.

Сайттың басты бетіне баннер орналастыру құны – 15 000 теңге.

Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде бір жазба жариялау құны – 10 000 теңге.

Газет және интернет алаңдары депутаттыққа кандидатқа сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа және интернет алаңдарын ұсыну туралы жазбаша шарт жасалғаннан кейін беріледі.

Үгіт материалдары газет редакциясына модульдер немесе мақалалар түрінде, жарияланатын күнге дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын ұсынылуы тиіс. Материалдар дайын баспа нұсқасында, әр парағына кандидаттың немесе оның сенім білдірілген өкілінің қолы қойылып, сондай-ақ электрондық тасымалдағышта беріледі.

Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігін газет редакциясы жазбаша өтініштердің келіп түсу ретіне қарай белгілейді.

Бірнеше кандидаттан немесе саяси партиядан өтініштер бір күнде және бір уақытта келіп түскен жағдайда, газет редакциясы жеребе өткізеді. Жеребеге үгіт материалдарын орналастыру кезектілігіне қатысты мәселе көтерген кандидаттардың уәкілетті өкілдері, саяси партиялардың өкілдері және даулы жағдайдың тәуелсіз тарапы ретінде бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысады.

Үгіт материалдары редакция ұсынған шот негізінде 100 пайыз алдын ала төлем жасалғаннан кейін ғана, олардың келіп түсу ретіне сәйкес жарияланады. Төлем шот берілген күннен бастап 3 (үш) банк күні ішінде жүзеге асырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт материалдарында қаржыландыру көзі туралы ақпарат міндетті түрде көрсетілуі тиіс екенін ескертеміз.

Мазмұны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келмейтін материалдар жарияланбайды.

«Қалқаман Нұрлыхан Қалқаманұлы» ЖК

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған