«Талдау мектебі. Қарағанды» жобасының ІІ легіне қатысуға өтінім қабылдау жүргізілуде

Просмотров: 6

 Қарағанды облысында «Талдау мектебі. Қарағанды» жобасының ІІ легіне қатысуға өтінім қабылдау басталды!
Жоба жастардың кәсіби құзыреттерін арттыруға, сыни ойлау мен стратегиялық талдау дағдыларын дамытуға, сондай-ақ өңірдің өзекті мәселелері бойынша аналитикалық зерттеулер жүргізіп, практикалық ұсыныстар әзірлеуге бағытталған.
Өтінім қабылдау:
2026 жылғы 28 тамыз – 11 қыркүйек аралығы
Оқыту:
18 қыркүйек – 7 қараша 2026 жыл аралығы, 8 апта бойы әр сенбі күні офлайн форматта өтеді.
Жоба бағыттары:
Моноқалаларды дамыту: индустриялық диверсификация, инвестициялар және жаңа экономикалық өсу орталықтары;
Аймақтың экологиялық орнықтылығы: су қауіпсіздігі, орман қорын сақтау және қалдықтарды тиімді басқару;
Smart Region: мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау, заманауи мемлекеттік қызметтер және жасанды интеллектті енгізу;
Кедергісіз аймақ – қолжетімді орта, тең мүмкіндіктер және адамдардың ерекше қажеттіліктерін қолдау;
Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы: заманауи технологиялар, азық-түлік қауіпсіздігі және аймақтың ауыл шаруашылығы әлеуетін тиімді пайдалануы;
Қарағанды облысының теңгерімді кеңістіктік дамуы: ауылдық аумақтарды дамыту стратегиялары;
Белсенді ұзақ өмір сүру: аға буын өкілдерінің бос уақытын ұйымдастыру, әлеуметтік интеграция және жаңа мүмкіндіктер.
Кімдер қатыса алады?
40 жасқа дейінгі, жоғары білімі, кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі және аталған бағыттардың бірінде кәсіби құзыреті бар азаматтар қатыса алады.
Қатысу үшін
www.saryarqa-jastary.kz сайты арқылы өтінім толтыру қажет.
Өтінімге түйіндеме, 500 сөзге дейінгі мотивациялық хат, ұсыным хат және болған жағдайда жарияланған аналитикалық материалдарға, мақалаларға, сұхбаттар мен сөз сөйлеулерге сілтемелер қоса тіркеледі.
Егер сіз өңірдің дамуына өз идеяңыз бен сараптамаңызды ұсынуға дайын болсаңыз – «Талдау мектебі. Қарағанды» жобасының ІІ легіне қатысуға шақырамыз!
Толық ақпаратты келесі телефондар бойынша білуге болады: +7 707 659 9659,
+7 708 095 6121


 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған