Жеті күннен соң Париждегі жазғы Олимпиада ойындары басталады. Төртжылдықтың басты додасына спортшылар қызу дайындық үстінде. XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында қызмет ететін қазақстандық төрешілер халықаралық федерациялардың арнайы іріктеуінен өтті.

Олар:
Алуа Бектұрова (көркем гимнастика);
Ольга Соловьева (ауыр атлетика);
Әлия Каримова (әртістік жүзу);
Юлия Игнатченко, Меруерт Қаукеева (теннис) ;
Тимур Әмірбеков (спорттық гимнастика);
Евгений Дьякокин (семсерлесу, сабля);
Евгений Михеев (баскетбол);
Ерік Жұмабеков, Игорь Лигай (күрес);
Әлішер Алтаев, Ермек Сүйеніш (бокс).
