Елде несиелердің шекті мөлшерлемелері төмендетілмек

Просмотров: 24

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несиелердің шекті мөлшерлемелерін төмендетуді қалай жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Ortalyq.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Колажды жасаған Елдар Қаба

Агенттік несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қаншаға дейін төмендейтінін айтты.

– Халықтың борыштық жүктемесін, несиелік жүктемені және тұтынушылық несиелендіру тәуекелдерін азайту мақсатында  Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің агенттігі «Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін айқындау туралы» қаулы жобасын әзірледі, – делінген хабарламада.

Агенттіктің қаулы жобасына сәйкес несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін төмендету келесідей: 

– кепілсіз қарыздар – 46%;
– кепілді қарыздар – 35%;
– ипотекалық қарыздар – 25%;
– микрокредиттер – 46%;

Ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшері 25% деңгейінде сақталды. Ал 45 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге және 45 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада берілген шағын несиелер үшін ол тәулігіне 0,3%, бірақ 179%-дан аспайтын мөлшерде белгіленді.

– Банктік қарыз шартын, микрокредит беру туралы шартты жасасу, банктік қарыз, микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгерту және (немесе) банктік қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты жаңа комиссиялар мен өзге де төлемдерді өзгерту немесе енгізу күнгі жағдай бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі осы тармақта айқындалған шекті мөлшерден аспауға тиіс, – делінген қаулы жобасында.

Құжат 1 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылады. Қаулы қабылданса, 20 тамызда күшіне енеді.

Қазір мына мөлшерлемелер қолданылып жатыр:

– кепілсіз банктік несиелер бойынша – 56%;
– қамтамасыз етілген несиелер бойынша – 40%;
– ипотекалық несиелер бойынша – 25%;
– микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша – 56%.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда тұтынушылық несие мен микрокредит беруге шектеу енгізілетіні туралы жазған едік. 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған