Жексенбіге түсіп тұр: Қазақстанда білім күні қалай өтеді

Просмотров: 36
Білім министрі Ғани Бейсембаев 2024 жылғы 6 тамызда Үкіметте өткен брифингте 1 қыркүйек қазақстандық мектептерде қалай өтетінін айтты, деп хабарлайды 247media.kz

Журналистер министрден білім күнінің жексенбіге түсіп тұрғанын айтып, осыған байланысты мерекелік іс-шаралар басқа күнге ауысуы ықтималдылығын нақтылады.

«1 қыркүйек-дәстүрлі түрде мереке күні. Сондықтан мейрамға орай іс-шаралар мен балаларды жинау басқа жылдардағыдай жүзеге асады. Нақтырақ айтсам, биыл 1 қыркүйекте Білім күніне арналған жиын өткізіледі», — деп жауап берді министр.

17 шілдеде жаңа оқу жылының, сондай-ақ емтихандардың басталу және аяқталу мерзімдері анықталған болатын.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған