Мәйіттік донорға қатысты заң тағы қаралуы мүмкін

Просмотров: 37
Сала мамандарының айтуынша, елімізде трансплантация саласы тұралап қалған. Мыңдаған науқас күту парағында тұрғанымен, жылына саусақпен санарлық қана ота жасалады.

Дегенменде, қазір мәйіттік донорлыққа өз келісімін беріп, туыстары да рұқсатын беріп жатады.

Бүгінде ел бойынша, донорды күту парағында 4112 пациент бар. Жылына 300-ге жуық науқас донор таппай көз жұмады. Трансплантация орталығының дерегінше, Egov порталы арқылы тек 6 мыңнан астам адам мәйіттік донор болуға келісімін берген, деп жазады qazaqstan.tv.

Алайда оның бәрі дүниеден озса донор бола бермейді. Өйткені қолданыстағы заң бойынша, туыстарынан рұқсат алу керек. Ал жақындары мұндай шешімге үзілді-кесілді қарсы дейді.

«Бүгінгі таңда Egov порталда 106 мың халық пікір білдірген. Оның 99 пайызы қарсы болған. 6 мыңнан астам адам келісімін беріп жатыр. Қарсы болып жатқан кісілердің арасында былай қарасақ бүгін былай, ертең басқаша ойлайды. Жеткізу, түсіндіру жұмыстары атқарылып жатыр. Дін жағы болса да, дін бізге қарсы болып жатқан жоқ.»Қайрат Иманбаев, транспланттауды үйлестіру орталығының бөлім басшысы

Еске салсақ өткен жылы «Көзі тірісінде өз келісімін берген адамның ағзасын туыстарынан сұрамай, науқасқа ауыстыру» туралы мәселе көтерілген. Алайда бұған қатысты дау шығып, мәселе аяқсыз қалды. Десе де мамандар мәйіттік донорлықты заңмен шешу жолдарын тағы қарастырмақшы.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған