Теміртауда “TEN QOGAM” әлеуметтік бейімдеу орталығы ашылды

Просмотров: 84

Бүгін Теміртау қаласының Жастар үйінде мүгедектігі бар адамдарға арналған “TEN QOGAM” жаңа сервистік орталығы ашылды. Орталық “Бір терезе” қағидаты бойынша жұмыс істейді және ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау үшін қызметтердің кең спектрін ұсынады, – деп хабарлайды 247media.kz.

“Бүгін біз қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттен көрсетілетін қызметтер мен көмектің барлық түрлерін қолжетімді ету үшін сервистік орталық ашамыз. Жинақталған тәжірибе мен қалыптасқан дағдыларға сүйене отырып, біз мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді, түсінікті және уақтылы көрсетілуі үшін барынша сұранысқа ие қызметтерді анықтадық.”,- қала әкімі Ораз Таурбеков.

“TEN QOGAM” орталығында жұмысқа орналасуға, әлеуметтік бейімделуге, құқықтық және психологиялық қолдауға, сондай-ақ құжаттарды ресімдеуге және оңалтудың техникалық құралдарын таңдауға көмек алуға болады.
Орталық мүгедектерге әлеуметтік кедергілерді еңсеруге және өз қабілеттерін барынша арттыруға және қоғамға белсенді қатысуға көмектесу үшін құрылған.

Мекен-жайы: Чайковский көшесі 2
Телефон: 8 (7213) 916514
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған