Құмар ойынын ойнаудан ерікті түрде бас тартқан қазақстандықтар саны күннен-күнге артып келеді

Просмотров: 36
Қазақстанда құмар ойындарын ойнаудан ерікті түрде бас тарту қызметін пайдаланған азаматтар саны артып келеді. Бұған ҚР Туризм және спорт министрлігінің (ТСМ) деректері дәлел, деп хабарлайды 247media.kz

2024 жылдың шілде айының басында 132 мың қазақстандық құмар ойындар мен бәс тігуге қатысу үшін өзін-өзі шектеу қызметін пайдаланғаны хабарланды.

«150 мыңнан астам адам өзін құмар ойындардан шектеді. Онлайн (eGov mobile) – 149 973, жазбаша – 3 213»,- делінген введомство хабарламасында.

Қазақстандағы құмар ойыншылардың цифрлық формат арқылы құмар ойындарға қатысуын өз бетінше шектей алатыны туралы 18 наурызда белгілі болды.

Бұған дейін Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындар ойнауға тыйым салынуы мүмкін екендігі хабарланды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған