Мұғалімге сыйлық: Антикор қанша теңгенің гүлі пара болып есептелмейтінін атады

Просмотров: 20

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мұғалімдерге қанша теңгенің гүлі немесе сыйлығы пара болып есептелмейтінін жеткізді, деп хабарлайды 247media.kz

Министр Бейсембаев не деді

Еске сала кетейік, күні кеше журналистер Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтан ата-аналар мен оқушылар мұғалімдерге гүл мен тәтті-дәмді сыйлауға бола ма деп сұраған. Бейсембаев кәмпит жайлы ойлану керектігін, бірақ гүл сыйлауға болатынын атап өтті.

– Кәмпиттер жайлы ойлану керек. Тәттіге әркім әртүрлі қарайды. Бірақ, менің ойымша, мұғалімдерге гүл сыйлаған қашан да жақсы ғой. Негізі оқушылардың шын жүректен, бүкіл сүйіспеншілігі, ризашылығымен гүл сыйлау дәстүрі бар. Менің ойымша, бұл дұрыс” дейді ол.

Букеттің құны маңызды ма деген сұраққа министр нақты жауап бермеді. Әркім өз ниеті, көңіл-күйіне қарай сыйлай алатынын білдірді.

Гүл алуға болады, бірақ…

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде мұғалімдер 1 қыркүйекте және басқа мерекелерде гүл мен басқа да сыйлықтарды қабылдай алатынын түсіндірді. Антикордың мәліметінше, мұғалімдер қылмыстық кодекстің 366-бабы (пара алу) қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, өйткені олар мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген, не оларға теңестірілген, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға адамдар санатына кірмейді.

Алайда қылмыстық кодексте мұғалімдерге қолданылатын 247-бап (заңсыз сыйақы алу) бар.

– Егер мұғалім қызмет өкілетін пайдаланып, сыйлаушының пайдасына жұмыс істемесе, 1 қыркүйекте оқушылардың, ұжымның, үшінші тұлғалардың мұғалімдерге сыйлық, оның ішінде гүл шоқтарын сыйға тартуына тыйым салынбайды. Сонымен бірге, егер құны 5 АЕК-тен (18 640 теңге) асатын сыйлық немесе гүл сыйланғаны және сол сый сыйлаушының пайдасына қарай жасалған әрекет үшін берілгені анықталса, онда қылмыстық кодекстің 247-бабы бойынша іс қозғалуы мүмкін, – деп жауап берген Антикор Informburo.kz сауалына.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 1 қыркүйекте 4 миллионға жуық бала мектепке барады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған