Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адам сотталды
Қарағандыда 2024 жылғы 23 тамызда жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды247media.kz
Ол 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Сот сотталушыны қоғамнан оқшауламай түзеу мүмкін емес деп есептейді, сондықтан сот оны қылмыстық бап бойынша 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау қажет деп тапты», – деді судья.
Сот шартты түрде жаза тағайындауға негіз таппады. Бұл ретте сотталған адам жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді.