Қарағанды айналма жолы ақылы болады

Просмотров: 41

 Қарағанды айналма автомобиль жолында ақы алу жүйесі енгізіледі. Бұл жайында Көлік министрінің Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрығында айтылған.

Құжатқа сәйкес, ұзындығы 48 шақырым ақылы автомобиль жолмен жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері көліктердің санатына қарай мынадай сома болмақ:

– жеңіл көліктер үшін алдын ала төлем жасалғанда 260 теңгені, кейіннен төлем жасалғанда 300 теңге;

– 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем жасалғанда 650 теңгені, кейіннен төленгенде 760 теңге;

– 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем жасалғанда 1 280 теңге, кейіннен төленгенде 1 500 теңге;

– 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін автопоездар үшін алдын ала төлем жасалғанда 1 910 теңге, кейіннен төленгенде 2 250 теңге;

– жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін алдын ала төлем жасалғанда 2 570 теңге, кейіннен төленгенде 3 020 теңге;

– жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін алдын ала төлем жасалғанда 3 200 теңге, кейіннен төленгенде 3 760 теңге болады.

Автокөлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты жергілікті автокөлік үшін 1 айлық және 1 жылдық абонементтер қарастырылған. Атап айтқанда:

– жеңіл көліктер үшін 1 айлық абонемент қарастырылмаған, ал 1 жылға 3 692 теңге;

– 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері үшін 1 айға 7 384 теңге, 1 жылға 73 840 теңге;

– 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері үшін 1 айға 14 768 теңге, 1 жылға 147 680 теңге;

– 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін автопоездар үшін 1 айға 22 152 теңге, 1 жылға 221 520 теңге;

– жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін 1 айға 29 536 теңге, 1 жылға 295 360 теңге;

– жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін 1 айға 36 920 теңге, 1 жылға 369 200 теңге болады.

Айта кетейік, Қарағанды айналма жолын ақылы негізде пайдалану мерзімі 20 жыл деп белгіленбек. Бұйрық жобасы 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.

Бұған дейін Антикордың араласуынан кейін «Қарағанды-Балқаш» автожолын қайта жаңарту кезінде анықталған ақаулар жойылғанын жазған болатынбыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған