«Осы қатені көп адам жасайды»: ғылым министрі 1-курс студенттеріне үш кеңес берді

Просмотров: 15

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 1-курс студенттеріне кеңес беріп, алғашқы жылы оқуға ден қою маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды

Министр ең алдымен оқу процесін дұрыс жолға қою керек екенін айтты.

«Біріншісі – оқу процесі. Соны аяққа тұрғызып алыңыз. Осы қатені көп адам жасайды, мен де жасадым – жаңа қалаға келіп жоғалып кеттік. Бірінші жыл өте маңызды. Оқу процесін әу бастан дұрыс жолға қоймасаңыздар, одан кейін қордаланып қалады, екінші, үшінші семестрде қиын болады», – деді министр.

Сонымен қатар, Саясат Нұрбек ақпаратпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға кеңес берді.

«Қазір ақпарат өте көп. Кез келген дәрістен шыққан соң, бірнеше слайд, бірнеше кітап пен сілтеме болады. Оны жүйеге келтіретін өз тәртібіңіз болуы керек. Сондықтан цифрлық тәртіп немесе цифрлық қауіпсіздік өте маңызды.

Үшінші кеңес – денсаулық. Тамағыңызды, күн тәртібіңізді, денсаулығыңызды, су мен тамақ сапасын мұқият қараңыз. Сіздің денсаулығыңыз – тек қана сіздің жауапкершілігіңіз», – дейді ғылым министрі

. Айта кетейік, 2024-2025 оқу жылында 94 мыңнан астаи грант бөлінді. Оның ішінде 78 мың грант – бакалавриат студенттеріне, 13 мың грант – магистратураға берілсе, 3 мың грант болашақ докторанттарға қарастырылған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған