Алмасадам Сәтқалиев: Қазіргі кезеңде атом электр стансасына балама жоқ

Просмотров: 36

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында әлем қазір көміртегі бейтараптығына бет бұрып жатқанын атап өтті. Осыған байланысты халықаралық қаржы институттары көмір электр стансаларының құрылысына инвестиция салудан бас тартады.

«Еліміздегі газ ресурстарының шектеулі болуына байланысты газ генерациясын ауқымды енгізуді жүзеге асыру мүмкін емес. Өз кезегінде, жаңартылатын энергия көздері табиғи-климаттық жағдайларға тәуелділігіне байланысты электр энергиясын өндірудің сенімді базалық көзі бола алмайды. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, атом электр стансасын салу – шығатын қуаттарды ауыстыру және Қазақстанның энергияға тәуелділігін қамтамасыз ету үшін жалғыз дұрыс шешім. Қазіргі кезеңде атом электр станциясына балама жоқ», — деді Алмасадам Сәтқалиев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған