Қарағандыда үш алып нәресте дүниеге келді – дәрігерлер дабыл қағуда

Просмотров: 28
Қарағандыдағы перзентханада үш алып нәресте дүниеге келді. Бірінің салмағы бес жарым келі болса, қалған екеуі де соған жетеқабыл, деп хабарлайды 247media.kz

KTK ақпаратына сүйенсек, сәбилер кесер тілігі арқылы жарық дүние есігін ашқан. Сондай-ақ, дәрігерлер алпамсадай балалардың көбеюі дұрыс емес деп дабыл қағуда.

Жалпы жыл басынан бері Қарағандыда осындай 59 бала дүниеге келген. Он баланың салмағы бес жарым келінің айналысында болған. Бұл ауыр салмақ. Кейінгі кезде алып балалардың жиілеуі жақсы емес дейді ақ халаттылар. Өйткені бұл баланың да, ананың да денсаулығына қауіп төндіреді. Әйелдер жүктілікке ерте дайындалып, ең алдымен ағзасындағы қант деңгейін тексеруі керек. Тамақты, оның ішінде фастфудты көп жеу мен аз қозғалу да іштегі баланың тез өсіп кетуіне әкеледі дейді.

«Тәтті нан жейді. Қимыл-қозғалысы аз. Көп серуендеу керек. 5 келіден асатын болса, онда шешімді консилиуммен қабылдаймыз, кесер тілігін жасау керек, ананың да, баланың да жарақатын төмендету үшін».Жарқын Нүркеева, Қарағанды облысы клиникалық аурухананың №2 перинаталдық орталығының меңгерушісі

Бес келіден артық болып туылған нәрестелердің үшеуі де қыз. Олардың алып болып туылатыны бір ай бұрын болжанып, жоспарлы отаға жатқызылған. Бәрі сәтті өтіп, балалар анасының қолына берілді.

28 тамызда Павлодар облысында 1,5 жасар бала бесінші қабаттан құлағаны хабарланды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған