Теміртаулық құтқарушылар «Ашық терезе – балаға қауіпті» акциясын өткізді
«Ашық терезе – балаға қауіпті» деген жазулар Теміртау аулаларында пайда болып, тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Жыл басынан бері қалада балалардың терезеден құлауына байланысты 5 оқиға тіркелді, оның 2-уі өліммен аяқталды. Өткен жылы мұндай 4 ғана жағдай болған еді, ал алда әлі екі жылы ай бар.
Теміртау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Владислав Карушулаков: «Бұл бізде болмайды деп үміттенудің қажеті жоқ. Өздеріңіз білесіздер, қазіргі балалар өте белсенді. Бір-екі секунд ішінде бала құлап кетуі мүмкін. Бұл не өлімге әкеледі, не биіктен құлағаннан кейінгі жарақаттардың өмір бойы қалуына себеп болады».
Статистикаға сәйкес, 6 жасқа дейінгі балалар қауіптілікке ұшырайды. Терезеден құлау көбінесе бала қараусыз қалған сәтте орын алады: көбінесе ересектер бірнеше минутқа дүкенге кеткенде. Бірақ бұл қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Теміртау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Владислав Карушулаков: «Терезе алдына жиһаз қоймаңыз, балаға терезеге шығу қолжетімді болмауы керек. Үйде болғанда, баланы терезе алдына шығуға үйретпеңіз, балалар мен жануарлардың қалай ойнап жатқанын көрсетудің қажеті жоқ, өйткені бала сізсіз де терезеге шығып кетуі мүмкін. Бізде Теміртауда бір жағдай болды: тұтқа алынып тасталған, бірақ бала тұтқаны өзі қойып, терезені ашып, құлап кеткен».
Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері наурыз айынан бастап күн сайын халықпен профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді: үйлерді аралау, тұрғындармен әңгімелесу, дрон арқылы ескерту. Балаларды қараусыз қалдыруға болмайтынын ұмытпаңыз. Қауіпсіздік үшін терезелерге арнайы бекіткіштер орнатқан дұрыс.
Өз тілшімізден.