Тоқаев Туризм және спорт министрін жаңадан тағайындады

Просмотров: 10
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Туризм және спорт министрін жаңадан тағайындады, деп хабарлайды 247media.kz

Бұл туралы 2024 жылы 2 қыркүйекте Ақорда жариялаған Президент Жарлығында айтылады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды», делінген Жарлықта.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы 2024 жылы 31 тамызда ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қызметінен босатты.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған