Қыркүйекте оқушы қыздарға папиллома вирусына қарсы екпе салына бастайды

Просмотров: 39
Биылғы оқу жылында оқушы қыздар арасында папиллома вирусына қарсы екпе салу науқаны басталады. Бұл туралы Астана қаласының СЭБД басшысының орынбасары Жанна Пралиева айтты, деп хабарлайды 247media.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, Қазақстанда күн сайын жатыр мойны обырына қатысты 5-тен астам жағдай тіркеліп, диагноз қойылады және күн сайын екі әйел қатерлі ісіктен қайтыс болады. Жатыр мойны обыры гинекологиялық патологияда сүт безі қатерлі ісігінен кейін екінші орында тұр. 90-95% жағдайда жатыр мойны обырының даму себебі онкогендік типтегі адам папилломавирусы – 16 және 18-інші түрлері екені дәлелденді.

80-95% жағдайда жатыр мойны обыры әйелдердің жас, әлеуметтік белсенді, бала туу жасында, яғни 20-45 жаста анықталады. Сондықтан сарапшылар Қазақстанда әйелдердің жатыр мойны обырын тіркеу жағдайларын қысқартуға мүмкіндік беретін АПВ-ге қарсы вакцинация ретінде алдын алу шараларын қабылдау маңызды екенін айтып отыр.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда жатыр мойны обырына қарсы онкологиялық қызмет бағдарламасының негізгі мақсаты – 11 жастағы қыздарды адам папилломавирусына қарсы вакциналау арқылы мойын обырынан қорғау.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ұсынылған 9-14 жастағы қыздарды вакцинациямен жоғары қамтуды қамтамасыз ету міндетіне қаражат салу осы мақсатқа жету үшін ресурстарды тиімді пайдалану болып табылады деп санайды. ДДҰ мәліметтері бойынша, вакцина көптеген ондаған жылдар бойы тиімді болады және өмір бойы қорғауды қамтамасыз етеді», – деді Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған