Самбо күресінен «Орталық» өңірлік қолбасшылығының біріншілігі өз мәресіне жетті
Ағымдағы жылдың 5-7 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының самбо күресінен дәстүрлі жарысы өткізілді. Аталмыш жарысқа, Степногорск, Көкшетау, Қостанай, Петропавл қалаларынан келген 70 тен астам спортшы қатысты. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл сайыстың басты мақсаты өңіріміздегі ең мықты балуандарды іріктеу болатын.
- Бұл жарыс мен үшін өте маңызды болды. Себебі, мен өз әскери бөлімімде өткен жарыс барысында жеңімпаз атанып, әскери бөлімнің намысын қорғауға келген болатынмын. Бүгінгі таңда мен жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынға табан тіредім. Қарсыластарымның барлығы мықты болды. Боз кілемде осал қарсылас болмайтының білдім. Алайда, өзімнің табандылығымның арқасында бүгінгі жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаз болдым-деді жауынгерлік самбо спортынан 58 келі салмағындағы чемпион Мұхтархан Ақмахан.
Айта кетейік, аталмыш жарыс үш күнге созыл. 10 салмақ дәрежесі бойынша өткізелтін бұл сайыс, қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды 6505 әскери бөлімі иеленсе, екінші орынды 6637 әскери бөлімі қаңжығаларына байлады, ал үшінші орынды 5510 әскери бөлімі қанағат тұтты. Жарыс жеңімпаздарына арнайы мадақтамалар мен медальдар сондай-ақ, бағалы сыйлықтар табысталды.
ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі