Теміртау каратэшілері Еуропа чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Просмотров: 66

 Румынияда өткен киокушинкай-кан каратэден Еуропа чемпионатында Теміртаудың ОРБЖСМ тәрбиеленушілері төрт алтын мен күміс медаль жеңіп алды. Жарыс Клуж-Напока қаласында өтті. Сайысқа 25 елден 600-ден астам жауынгер қатысты. Қазақстан құрамасы дайындық пен жоғары деңгейлі шеберліктерін көрсете отырып, жалпы командалық үшінші орынға ие болды. Бұл туралы Қарағанды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Ката және кумите түрлері бойынша бес теміртаулық өнер көрсетті.

Айдос Айдаров (14–15 жас, 40 келіге дейін) ката және кумите бөлімдерінде жеңіске жетіп, екі дүркін чемпион атанды. Кумитэде Нұрбол Саматов (14–15 жас, 50 келіге дейін) және Темірболат Алдабергенов (14–15 жас, 55 келіге дейін) алтын медаль, ал Артем Грушанский күміс (14–15 жас, 55 келіге дейін) алды.

– Бұл бәсеке өте жоғары турнир болды. Балалар жақсы нәтиже көрсетті, – дейді Қарағанды облысының киокушинкай-кан каратэден аға жаттықтырушысы Игорь Лим. – Мұның бәрі спортшылардың күш-жігерінің арқасында қол жеткізген жетістік, өйткені олар күніне екі рет жаттығады. Әрине, спортшыларды дайындаған және оларға сенген жаттықтырушылардың еңбегі. Артем мен Темірболат өз санатындағы барлық қарсыластарынан басым болды, финалда бір-бірімен кездесті. Ал Иван Вилитовский үш раундқа – негізгі, қосымша және экстра-раундқа түсті. Өкінішке орай, ол украиналық жауынгерге есе жіберәп алды.

Қазір каратэшілер қараша айының басында Талдықорғанда өтетін Қазақстан чемпионатына дайындалыпжатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған