Қазақстанда тағы бір әскери қызметкер өз-өзіне қол салды
Абай облысында Аягөз гарнизонының әскери қызметкері өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды 247media.kz
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды.
Аталмыш жайтты Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі растады.
«Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде тұрғылықты жері бойынша пәтерде, қызметтен тыс уақытта Аягөз гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінің офицерінің мәйіті табылды. Алдын ала ақпарат бойынша ол өз-өзіне қол салды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қылмыстық іс қозғалды», — делінген хабарламада.
Ведомство әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Бұған дейін, 8 қыркүйекте Маңғыстау облысында полигондағы оқу-жаттығу кезінде сарбаз қаза тапқаны хабарланды. Ал, 13 қыркүйек күні Алматыда әскери институт аймағында офицердің өлі денесі табылды. 17 қыркүйек күні болса, Арыста әскери қызметкер өзіне оқ атып, өмірімен қоштаспақ болды.