Сарбаздың бетіне оқ тиген: Қорғаныс министрлігі офицердің әрекетіне баға берді

Просмотров: 33
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев 2024 жылы 20 қыркүйекте брифинг барысында Маңғыстау облысындағы полигонда мерзімді әскери қызмет сарбазының бетіне оқ тиіп, қаза табу оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды 247media.kz

Шайх-Хасан Жазықбаев оқиға тізбегін алға тартты.

«Ақтаудағы жағдай кешке болды. Сағат 21: 00-де министрдің бұйрығымен дабыл бойынша тікұшақ көкке көтерілді. Комиссияға менің өзім басшылық жасадым. Барлық жағдайды тексеріп, офицермен, барлық сарбазбен сөйлестік. Қылмыстық іс қозғалды. Әрине, ол кінәлі. Абайсызда болды деп айтады, бірақ бұл ақтауға жатпайды. Ол «кісі өлтіру» бабы бойынша жазаланады», – деді спикер.

Айта кетсек, 7 қыркүйекте «Оймаша» полигонында жиын кезінде қайғылы оқиға орын алды. 19 жастағы сарбаз оқтан жараланып, қаза тапты. Алдын ала нұсқа бойынша, лейтенант ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан, ол жас жігіттің бетіне тиген. Кейін Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған