Ұландықтар қарттарды ұлықтады

Просмотров: 26

Ағымдағы жылдың 1 қазан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері қарттар күні қарсаныңда әскери бөлім ардагерлерін құттықтады. Ұландықтар ардагерлердің үйлеріне барып, мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар табыстады.


– Ардагерлер біздің қазыналарымыз. Олардың өскелең ұрпаққа берері көп. Осындай айтулы мереке аясында бізде ардагерлерімізді ардақтау мақсатында арнайы сыйлықтарымызды табыстап, мерекелерімен құттықтап қайттық- деді 6505 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы майор Александр Бондаренко.
Сонымен қатар, ұландықтар бүгін ардагерлердің үйлеріне барып құттықтау арқылы, ардагерлердің алғысына бөлене алды.

 

 

 

ҚР ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған