Депутат онлайн несиеге тыйым салуды ұсынды

Просмотров: 28
Мәжіліс депутаттары онлайн несие беруге тыйым салуды ұсынды. Себебі интернет алаяқтары тыйылар емес.

Магеррам Магеррамовтың сөзінше, бізде кибер қауіпсіздікті қамтамасыз ету ақсап тұр.

Әрі отандастарымыздың жеке деректері қалай тарап кеткенін құқық органдары әлі күнге анықтай алмай отыр. Ал алаяқтардың үстінен қозғалған 85 істің 45-і тоқтаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Күдікті ретінде есепке алынған 218 адам шетелде жүр. Мәжілісмендер алданып қалған азаматтардың саны күн санап артып келе жатқанына алаңдап отыр.

«Бұл жағдай біздің жеке деректерді қорғау жүйесі әлсіз екенін көрсетеді. Кез келген сипаттағы ақпарат, ЖСН немесе биометрия киберқылмыскерлер үшін таптырмас құрал бола алады. Жәбірленушілер алаяқтар рәсімдеген несие қарыздарын жылдар бойы төлеп жүр. Сондықтан электронды онлайн несиелеуге тыйым салу керек.»Магеррам Магеррамов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған