Әбиба Әбужақынова Абу-Дабидегі Grand Slam турниріне қатыспақшы
11-13 қазан аралығында Абу-Дабиде (БАӘ) дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді. Оған Қазақстан командасы қатысады. Біздің елдің атынан турнирге 13 спортшы қатысады, деп хабарлайды 247media.kz
Турнирге қатысатын спортшылар:
Әйелдер:
– Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейінгі салмақта);
– Эсмигуль Куюлова (63 келіге дейінгі салмақта);
– Назгүл Маратова (78 келіден жоғары салмақта);
– Карина Такиева (78 келіден жоғары салмақта).
Ерлер:
– Мағжан Шамшадин (60 келіге дейінгі салмақта);
Дәурен Суюкенов (60 келіге дейінгі салмақта);
– Әділбек Берікұлы (66 келіге дейінгі салмақта);
– Дархан Қойбағар (73 келіге дейінгі салмақта);
– Ермек Амангелді (73 келіге дейінгі салмақта);
– Жалғаc Қайролла (80 келіге дейінгі салмақта);
– Руслан Мусаев (81 келіге дейінгі салмақта);
– Әділет Сапарғалиев (100 келіге дейінгі салмақта);
– Мәди Еділбаев (100 келіден жоғары салмақта).