Тельман көшесінің тұрғындарымен кездесу
Тельман көшесінің тұрғындарымен кездестім, онда газдандыру, су құбыры желілерін қайта жаңарту және кәріз құрылысы бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Су желілері: барлық жұмыстар аяқталды. ТКШ-ға
құдықтарды тазалауды ұйымдастыруды және тұрғындармен желіге қосылу орындары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырдым. Қазір бұл жұмыстар жүргізілуде.
Кәріз: кәріз желілері бойынша жұмыстар да аяқталды. Қазан айының соңына дейін сенімгерлік басқаруға беру рәсімі аяқталады және қараша айынан бастап тұрғындар қосылу үшін техникалық шарттарға жүгіне алады.
Жол жағдайы: тұрғын үй массивіндегі жолдарды абаттандыру барлық үйлер жаңа инженерлік желілерге қосылғаннан кейін басталады.