Қыс келе жатыр: Ішкі істер министрлігі қазақстандық көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Просмотров: 20
Ішкі істер министрлігі қолайсыз ауа райына байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасады, деп хабарлайды 

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова күз басталғанда ұсақ жол-көлік оқиғалары артады.

«Ауа райының өзгеруі жол жүрісіне қатысушылар үшін қолайсыздық тудырады. Жаңбыр көрінуді азайтып, дөңгелектердің сырғанауына әкелуі мүмкін. Жиналған судың кесірінен асфальттағы кедір-бұдырлар мен шұңқырлар көрінбей, жол қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді. Осыған байланысты жүргізушілерді мұқият болуға шақырамыз», – деді ол.

ІІМ қараңғы уақытта жарық құрылғыларының дұрыстығын қадағалауды және жарық жолдармен жүруді  ескертті.»Кенеттен кедергілер пайда болған кезде тоқтауға мүмкіндік беретін жылдамдықты таңдаңыз. Күзде температураның өзгеруіне байланысты жолда, әсіресе көпірлер мен өткелдерде мұз пайда болуы мүмкін. Жолға баса назар аударыңыз, көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланбаңыз және көлік басқарудан алаңдататын әрекеттерден аулақ болыңыз. Жол жүрісі қағидаларын, жылдамдық режимін және қашықтықты сақтаңыз, жылдам жүріс пен басып озудан аулақ болыңыз, жаяу жүргіншілерді назардан тыс қалдырмай, айналаңыздағы жол жағдайын бақылауда ұстаңыз».

Автокөлік иелеріне ауа райының өзгеруін мұқият қадағалап, нашарлаған жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеу ұсынылды. Жаяу жүргіншілер ауа-райының қолайсыздығымен автокөліктің тез тоқтай алмайтынын есте ұстауы керек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған