Шахтинск қаласында әскери қызметкер асылып қалған
Шахтиск қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде әскери қызметшінің денесі табылды. Ол өз-өзіне қол жұмсаған. Қайғылы оқиға бойынша ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды 247media.kz
ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша қызмет етіп жатқан әскери қызметшінің денесі өзі тұрып жатқан пәтерден табылған.
«Ағымдағы жылдың 13 қазанында Шахтинск қаласында қызметтен тыс уақытта өзі тұрып жатқан пәтерден келісім шарт бойынша әскери қызметшінің денесі табылды. Болжамды ақпаратқа сәйкес, әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзіне қол жұмсаған. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.