Теміртау қаласының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі
Бүгін Теміртау қаласының әкімі Ғ.А. Әшімов Теміртау қаласының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барды.
Сапар барысында қала әкімі құтқару және өрт сөндіру техникасымен, өртке қарсы және құтқару жабдықтарымен, сондай-ақ құтқарушыларды қорғау құралдарымен танысты.
Соңында Ғалым Әшімов өрт сөндірушілерге қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі үшін алғыс айтып, келе жатқан кәсіби мереке Құтқарушылар күнімен құттықтады.