Ішкі істер министрлігінде жаңа департамент құрылды

Просмотров: 20

Ішкі істер министрлігінде киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті құрылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. 

Полиция ақпаратынша, бұл бастама азаматтарды заманауи қауіп – киберқылмыстан қорғауға бағытталған. Департамент киберқылмыстарды анықтаумен және ашумен, олармен күресте стратегиялық қадамдарды әзірлеумен айналысатын болады. «Технологиялардың қарқынды дамуы және интернет-қатерлер санының артуына байланысты мамандандырылған арнайы бөлініс құру қазіргі заманауи қауіпке неғұрлым тиімді жауап беруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ержан Саденов. ІІМ басшысы жеке құрамға жаңа департамент бастығы полиция полковнигі Жандос Сүйінбайды таныстырды. Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/society/2182743-ishki-ister-ministrliginde-zhanga-departament-quryldy/

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған