Қазақстанда электр және жылу энергетикасы саласындағы өндірістік бақылау туралы ереже бекітілді

Просмотров: 30
Энергетика министрі 2024 жылғы 30 қазандағы бұйрықпен өндірістік бақылау туралы үлгілік ережені бекітті, деп хабарлайды 247media.kz

Электр және Жылу энергетикасы саласындағы ұйымдар осы Ережеге сәйкес өндірістік бақылау туралы ережені әзірлейді деп көзделеді.

 

Өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесімен біліктілік талаптарына, жұмыс тәжірибесіне және атқаратын лауазымына құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес сәйкестік бөлігінде келісу бойынша Ұйымның басшысының актісімен тағайындалады және босатылады.

 

Өндірістік бақылаудың міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
  • энергетикалық жабдықтарды, электр станцияларын, электр желілері мен жылу энергетикасы объектілерін және олардың құрамына кіретін ғимараттарды, үй-жайларды, құрылысжайларды қауіпсіз пайдалану бойынша мониторинг жүргізу;
  • электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігін, жылумен жабдықтау сапасы мен сенімділігін, жылумен жабдықтау жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін тексеруден өткен жұмыскерлердің жұмысты жүзеге асыруы;
  • Ұйымның оның ішінде күзгі-қысқы кезеңде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын уақтылы дайындау және жүзеге асыру;
  • жабдықтарды, ғимараттар мен құрылысжайларды пайдалануға әзір күйінде күтіп-ұстау;
  • қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауға бағытталған шараларды талдау және әзірлеу;
  • жұмыс жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін бұзушылықтардың мән-жайлары мен себептерін анықтау;
  • технологиялық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстарды үйлестіру.

Лауазымды адам:

  • Ұйымның бөлімшелерінде, өндірістік бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жоспарын әзірлейді;
  • жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды жүзеге асырады;
  • электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы объектілерін пайдалану және жұмыстар жүргізу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;
  • қауіпсіздікті қамтамасыз ету және технологиялық бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады;
  • Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының өзгеруі туралы ақпаратты Ұйымның жұмыскерлерінің назарына жеткізеді;
  • Ұйымның басшысына немесе оны алмастыратын адамға:

– қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарының бұзушылықтарды жою, жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;

– жұмыскерлердің өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін немесе технологиялық бұзылуларға алып келуі мүмкін Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзып жүзеге асырылатын жұмыстарды тоқтата тұруға;

– техникалық пайдалану қағидалары және қауіпсіздік техникасы қағидалары бойынша даярлаудан, қайта даярлаудан уақтылы өтпеген жұмыскерлерді жұмыстан шеттету жөнінде ұсыныстар енгізеді;

Жылу энергетикасы саласындағы өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды:

  • жылу энергетикасы объектілеріне және олардың құрамына кіретін ғимараттарға, үй-жайларға, құрылысжайларға тәуліктің кез келген уақытында кедергісіз кіре алады;
  • қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алады, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізеді.

Өндірістік бақылауды жүзеге асыру кезінде Лауазымды адам:

  • нысан бойынша әзірленген және Ұйым басшысы бекіткен Ұйымның бөлімшелерінде Өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар жоспарына сәйкес қажетті ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асырады;
  • нысан бойынша Өндірістік бақылау журналына өндірістік бақылау нәтижелерін енгізуеді;
  • электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы объектілерін пайдалану және жұмыстар жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етуін тексеру барысында Ұйымның жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын уақтылы дайындауды және жүзеге асыруды тексереді;
  • электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы салаларындағы заңнама талаптарының бұзылуының алдын алу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және технологиялық бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлейді, оған мыналар кіреді:

– Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы заңнама талаптарының анықталған бұзушылықтарын талдау;

– технологиялық процеске және өндірістік бақылауға жататын электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы заңнама талаптарының бұзылу себептерін зерделеу;

– электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнама талаптарын бұзудың ықтимал себептерін анықтау, талдау және жою мақсатында тиісті ақпарат көздерін (процестерді, жұмыс операцияларын, электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеру нәтижелерін, қызмет көрсету туралы есептерді) пайдалану;

– электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнаманы қамтамасыз етудің ықтимал проблемаларын болжау, сондай-ақ оларды шешу үшін қажетті шараларды алдын ала айқындау;

– алдын алу іс-шараларын алдын ала іске асыру және электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнама талаптарының бұзылуының кепілді алдын алуды қамтамасыз ететін басқару шешімдерін қабылдау;

– Ұйымның басшысына қабылданған алдын алу іс-әрекеттері туралы ақпарат беру;

  • Ұйымның жұмыскерлерін Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының өзгеруі туралы ақпаратпен хабардар етеді;
  • жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды жүзеге асыру кезінде:

– электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігі, жылумен жабдықтау сапасы мен сенімділігі, жылумен жабдықтау жүйесінің қауіпсіздігін;

– жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға дайын күйде ұстау;

– техникалық құрылғыларға қажетті сынақтар мен техникалық куәландыруларды жүргізудің, өлшеу бақылау құралдарын жөндеудің және салыстырып тексерудің уақтылылығын;

– күзгі-қысқы кезеңде электр станцияларының, электр және жылу желілерінің жұмысқа дайындығын тексереді;

  • өндірістік бақылау нәтижелері бойынша белгіленген ескертулердің жойылуына талдау жүргізеді, оның нәтижелері ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін Ұйымның басшысына ұсынылады;
  • өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу нәтижелеріне жылына кемінде бір рет талдау жүргізеді.
  • өндірістік бақылау нәтижелері туралы деректердің қағаз түрінде де, электрондық түрде де сақталуын қамтамасыз етеді.

Бұйрық 2024 жылғы 11 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған