Ұландықтар қыр ағылық таныта білді

Просмотров: 27

 Ағымдағы жылдың 2 қараша күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5516 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері қырағылық таныта білді.

Күнделікті, қызметтеріне кіріскен ұландықтар бір күн ішінде екі рет көзге түсті. Атап өтер болсақ,  қатардағы Бекбауов Дамир бастаған әскери жасақ,  өзінің серіктестері қатардағы Дмитрий Шультайс және Биляль Омаров пен бірге қала көшелерін күзетіп жүргенде, белгісіз бір ер азамат ұландықтарға күдік туғызады. Көздеріне күдік туғызған азаматқа әскери жасақ басшысы барып өзің таныстырып сыртқы тексеріс жұмыстарын жүргізеді. Сыртқы тексеріс барысында, күдіктінің қалтасынан суық атыс қаруы табылады. Ұландықтар бірден полиция қызметкерлерін шақырып, күдіктіні табыстайды. Қазіргі таңда оқиғаның мән жайы анықталуда.

Сондай-ақ, дәл сол күні ефрейтор Досмуха Дидар бастаған әскери топ өзінің серіктестері қатардағы Мейрамбек Нұрғазы және Нұркен Құраловпен бірге белгісіз бір ер азаматты күдікті деп танып, сыртқы тексеріс жұмыстарын жүргізген. Тексеріс барысында күдікті деп танылған ер азаматтың қалтасынан өткір иісі бар жасыл түстес зат табылған. Сол сәтте ұландықтар полиция қызметкерлерін шақырып, күдіктіні полиция қызметкерлеріне табыстады. Осылайша Теміртаулық ұландықтар шағын қалада үлкен іс бітіре білді.

 

 

                                                         ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз  қызметі 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған