ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ МЕКТЕБІНІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалында Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің (Таланттар пулы) салтанатты ашылуы өтті.
Бұл мектептің миссиясы – Қарағанды облысы жастарының ең дарынды өкілдерін мемлекеттік қызметке тарту.
Іс-шара аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысы Жандос Шералыұлы мемлекеттік қызметті таңдай отырып, басты мақсат-халыққа мінсіз қызмет ету екенін ұмытпау керектігін атап өтті.
Сондай-ақ, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының
Қарағанды филиалының директоры С.Б. Байбосынов және Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы басшысы Н.А. Ильяш құттықтау сөз сөйлеп, жастар буынға сәттілік тіледі.
Болашақ елге қызмет ететін мемлекеттік қызметшілерге сәттілік тілейміз!