«Таза Қазақстан»: Теміртауда талай жылдан бергі қоқыс алаңдары жойылды

Просмотров: 35

Теміртау қаласында Аманжолов және Подгорная көшелеріндегі ірі рұқсат етілмеген қоқыстарды жою жалғасуда. Шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында бюджет қаражаты есебінен жүргізілуде.

Аманжолов көшесіндегі қоқыс үйіндісі тамыз айының соңында тазартыла бастады. «Ботақара 2030» ЖШС мердігерлік ұйымы қызметкерлерінің айтуынша, мұнда тұрмыстық және құрылыс қоқыстарының көп мөлшері жиналған. Қалдықтардың арасында шыны ыдыстар, сынған плиткалар, автокөлік бөлшектері, пластикалық терезелер, сынған есіктер, тұрмыстық қоқыс жәшіктері және т. б. заттар бар. Сондай-ақ аумақта терең шұңқырлар пайда болды. Жол салу кезінде қиыршық тас қазумен байланысты болған, кейін олар тұрмыстық қалдықтарды тастайтын орындарға айналған.

– Қоқыс көп. Шамасы, ұзақ уақыт бойы осында жиналған. Бұл негізінен тұрмыстық және құрылыс қалдықтары, – дейді «Ботақара 2030» ЖШС өкілі Рахат Омаров. – Біз қазірдің өзінде 65 мың тоннаға жуық қоқыс шығардық. Осыдан кейін баумақты қалпына келтіруді бастаймыз, оны тегістеп, ретке келтіреміз.

Қазір 6 адам және 8 арнайы техника жұмыс істейді. Күн сайын қоқыс артқан техникалар 30–40 рейс жасайды. Жұмыс аптасына 6 күн жүреді.

– Қоқыс алаңдарын жоюға арналған шығындар облыстық мәслихат депутаттарымен келісіліп, Қарағанды облысының экологиялық шаралар жоспарына енгізілді. Біз бұл кешенді жұмыстың арқасмында қаланың экологиялық жағдайына оң әсерін тигізетініне сенімдіміз, – деді Теміртау қаласы әкімі орынбасары Ринат Қыдырбеков.

Қоқыс алаңдарын жою жұмыстары қараша айының соңына дейін жалғасады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған