1 қаңтардан бастап мүгедектер мен жетімдерге әлеуметтік төлемдер көбейеді
Үкімет елімізде 1 қаңтардан бастап мүгедектер мен жетімдерге әлеуметтік төлемдер көбейетінін мәлімдеді, деп хабарлайды 247media.kz сайты.
Төлемдер асыраушысынан айырылу және еңбекке жарамдылығын жоғалту бойынша алынатын жәрдемақылар мөлшерінен 6,5%-ға өседі.
Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектер мен жетімдерге жәрдемақы төлемі келесідей болды. 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар үшін 69 886 теңге беріліп келді. Мысалы, енді олар 69 886 теңгенің орнына 74 428,59 теңге алады. Осылайша (4 542,59 теңге қосылады).
Сонымен қатар 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар бала тәрбиелейтін ата-ана жалпы 139 772 теңге алады. Ал 7-18 жас аралығындағы 1-топтағы мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін ата-ана жалпы 165 382 теңге алады.
7-18 жас:
1-топ: 95 496 теңге.
2-топ: 79 435 теңге.
3-топ: 69 886 теңге.
Бала кезінен мүгедектер үшін:
1-топ: 95 496 теңге.
2-топ: 79 435 теңге.
3-топ: 69 886 теңге.
Жалпы аурулар немесе қызмет барысында жарақат алған мүгедектер үшін:
1-топ: 95 496 теңге.
2-топ: 76 397 теңге.
3-топ: 52 089 теңге.
Әскери қызмет пен арнайы міндеттерді орындау кезінде жарақат алған мүгедектер үшін:
1-топ: 171 024 теңге.
2-топ: 131 958 теңге.
3-топ: 100 271 теңге.