Сенат Парламентінің депутаты «Орталық» өңірлік қолбасшылығына келді

Просмотров: 9

   Ағымдағы жылдың 24 желтоқсан күні халық қалаусысы атанған сенат парламентінің депутаты Ершов Сергей Михайлович Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Қарағанды қаласында орналасқан «Орталық» өңірлік қолбасшылығына іс-сапармен келді.

Ел қалаулысының жұмыс сапарымен келудегі мақсаты әскери бөлімнің күнделікті өмірімен және әскери қызметшілердің тұрмыс-тіршілігімен танысу болды. Іс-шара аясында «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Сакентай Амантайұлы Шекарбеков Сергей Михайловичке өңірлік қолбасшылықтың қызметтік іс-әрекеттері мен қазіргі жағдайы және болашақтағы жоспарлары туралы мәлімдеме жасады. Сонымен қатар,  «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөліміне де барды. Әскери бөлімге келу барысында,  әскери бөлімнің көлік паркімен, асханасымен, мәдени іс-шара орталығымен және әскери бөлімнің лазаретімен таныса өтті.  Қызметтік сапар аяғында депутат Сергей Михайлович әскери бөлімнің «Құрметті келушілер» кітабына өз қолтаңбасын қалдырып, өзінің жылы лебіздерін білдірді.

 

 

 

                                                            ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған