ТЖМ деректерді жаңартты: құлаған ұшақ бортында 69 адам болған

Просмотров: 8
Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың бортында нақтыланған мәліметтер бойынша 69 адам болған, оның бесеуі экипаж мүшелері. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды 247media.kz

Бұған дейін әуе кемесі ішінде 67 адам болған деп хабарланған.

Жаңартылған ақпаратты Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков берді.

Бұған дейін Ақтау маңында «Баку-Грозный» бағытындағы ұшақ апатқа ұшырағаны хабарланған болатын. Көлік министрлігінің мәліметінше, әуе кемесі Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған