Ұландықтар нәзік жандыларды құттықтады

Просмотров: 10

      Көктем мезгілінің жүрекке жылулық сыйлайтын мерекесі болып 8-наурыз халықаралық әйелдер күні болып есептелетіні бәрімізге мәлім. Осыған орай Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков әскери салада қызмет атқарып жүрген нәзік жандыларды құттықтады.  Аталмыш іс-шара аясында генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков нәзік жандылардың әскери салаға қосар ерең еңбегін атап өтіп, арнайы грамоталар және алғыс хаттар табыстады.

  • Бүгін біз, 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнің атап өткелі отырмыз. Бұл мереке біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы мерекесі. Бұл мереке қарсаныңда мен сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, баянды бақыт, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін.-деп атап өтті генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков.

Сонымен қатар, нәзік жанлыдарға арналған мерекелік іс-шара аясында, «Орталық» өңірлік қолбасшылығының ерлер қауымы арнайы өлеңдер оқып, нәзік жандыларға әнде арнады. Іс-шара соныңда нәзік жандылар жалпы естелік фото суретке түсті.

 

                                     ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған