Қауіпсіз саяхат: сенімді туроператорлар мен турагенттерді қалай таңдауға болады?

Просмотров: 16

Еліміздегі мемлекеттік электронды реестрдің дерегіне сәйкес, «Е-лицензиялау» порталында 11 914 турагент пен 634 туроператор тіркелген.

ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында туроператорлардың, турагенттердің, гидтердің, экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының реестрі орналастырылған.

✅Саяхатшы туристік компанияларға жүгінген кезде турагенттің қызметі туралы хабарламаны және туроператордың лицензиясы бар-жоғын тексере отырып, барлық қажетті құжатты талап етуге құқылы.

✅Тұтынушыларды қорғаудың негізгі құралының бірі – туристік код. ТурКод – бұл әріптер мен сандардан тұратын бірегей код, оны тексеру арқылы турист туроператордың ұшу мен тұру шығындарын қабылдаушы тарапқа және әуе компаниясына төленгеніне көз жеткізе алады. Бұл бірегей механизм туроператордың өз міндеттемелерін орындай алмауы немесе төтенше жағдайлар/оқыс оқиғалар орын алған жағдайда туристердің елге қайта оралуын кепілдендіреді.

Бұл шаралар туристік саладағы ашықтықты арттыруға, тұтынушылардың құқығын қорғауға және отандық туристік компанияларға деген сенімді нығайтуға бағытталған.

Лицензияланған туроператорлар мен тіркелген турагенттердің өзекті тізімімен мына сілтеме арқылы таныса аласыз:

https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism/documents/details/761324?lang=kk

https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism/documents/details/761325?lang=kk

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған