ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.
МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Ж.Сәрсен Әдеп жөніндегі кеңестің отырысын өткізді.
✅Кеңес отырысында Шахтинск қаласы әкімі, Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, Сот әкімшілігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысымен заңнама бұзушылықтарының алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
✅Сондай-ақ, бірқатар мемлекеттік қызметшілерге қатысты қозғалған тәртіптік істер қарастырылды.
✅Жиын соңында кеңес мүшелерімен қатысушыларға мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларды бұзудың алдын-алу бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізуді күшейтуге бағытталған ұсыныстар берілді.