Басым бағыттар айқындалды

Просмотров: 22

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер мен оларды цифрлық трансформация арқылы шешу”атты Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің алдағы даму бағытын айқындайтын стратегиялық және дер кезінде жарияланған маңызды құжат. Қазіргі заманда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект күн сайын тереңдеп еніп жатқанда, бұл жолдау қоғам үшін де, мемлекеттік органдар үшін де нақты бағдар беріп отыр.

Мемлекет Басшысы еліміздің цифрлық инфрақұрылымын дамыту, ІТ мамандарын даярлау, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және жасанды интеллектті экономика, денсаулық сақтау, білім беру, қауіпсіздік пен мемлекеттік басқару салаларына енгізу сынды нақты басым бағыттарды атап өтті.
Цифрлық трансформация – бұл жай ғана технологиялық жетістік емес, бұл – тиімді, ашық және адамға бағытталған мемлекеттік жүйе құру жолы.
Біз, әскери қызмет өкілдері ретінде, Президентіміздің бұл бастамаларын толық қолдай отырып, еліміздің қорғаныс және қауіпсіздік саласын цифрландыруда өз үлесімізді қосуға әрдайым дайынбыз.
Президенттің «Заң мен Тәртіп – мемлекеттілігіміздің мызғымас тірегі» деген сөзі еліміздің тұрақты дамуы үшін құқықтық нормаларды сақтау мен әділеттіліктің маңыздылығын айқын көрсетеді. Тек заңдылық пен тәртіп арқылы ғана қоғамда тұрақтылық, қауіпсіздік және азаматтардың мемлекетке деген сенімі қалыптасады.
Президент заң бұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидасы – әділетті әрі қауіпсіз қоғам құрудың негізгі кепілі екенін орынды атап өтті. Бұл бағыттағы мемлекеттік органдардың жұмысын барынша қолдау қажет. Тек билік пен халықтың бірлескен әрекеті арқылы зорлық-зомбылыққа, қатыгездік пен заңсыздыққа жол бермейтін қоғамдық сана қалыптастыра аламыз. Бұл – құқықтық тәртіп пен кез келген антиәлеуметтік көріністерге қарсы қоғамдық иммунитетті күшейтудің жолы деп білемін.
Біз жаңғырту мен дамуға бағытталған бағытты қолдаймыз. Жолдауда белгіленген міндеттердің жүзеге асырылуы Қазақстанның тұрақты әрі әділетті болашағына жаңа серпін беретініне сенімдіміз.

Усербаев Данияр Усербаевич,
Қазақстан Республикасы
Ұлттық ұланы
5516 әскери бөлімінің командирі подполковник

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған